БҚО: Ақсай қаласында “Халық заңгері” шарасы өтті
Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады. Бұл турасында мемлекет басшысы өзінің жолдауында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,

Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады.
Бұл турасында мемлекет басшысы өзінің жолдауында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында заңның үстемдігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын бекіткен болатын.
“Заң және Тәртіп” қағидатын ілгерілету аясында Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 наурыз күні Ақсай қаласы Жарсуат сауда үйінде аудан тұрғындарына арналған «Халық заңгері» науқаны ұйымдастырылыды.
Кеңес беруге аудандық прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы орган өкілдері және “Ашық көмек” қоғамдық қорының заңгері қатысты. Олар тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, мазалаған мәселесіне қатысты кеңес берді.
Тегін құқықтық кеңес беретін «Халық заңгері» науқанында негізгі мәселелердің бірі жер қатынастарына қатысты жер кезегі, жер учаскесін заңдастыру, тұрғын үй кезегі, әлеуметтік, құқықтары бұзылған азаматтардың өздерінің құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша өмәселені шешу, интернет алаяқтық жөнінде ақпараттар айтылып, 40тан астам тұрғынға тегін құқықтық көмек көрсетілді.
Азаматтары заңмен қорғалған елде өмір сүріп жатқандықтан, әрбір азаматтың заңды құқығын білгені абзал. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заңның қорғауында.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жарығым сөнді: Нұрлан Өнербай трагедияға тап болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуөтеді: қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Астане пройдут специальные тактические учения: движение будет временно ограничено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс кәсіпорындарында аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілді
Жаннұр Еділбаева·