Todayinfo.kz
ТехнологияБарлық жазбаларды қарау

Шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады: жаңа жүйе іске қосылды

Қазақстанда жүк көліктері үшін шекарадан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады. Бұл жаңа Smart Cargo цифрлық платформасы мен жасанды интеллекттің арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады: жаңа жүйе іске қосылды
📷 Дереккөз: inbusiness.kz

Қазақстанда жүк көліктерінің шекарадан өту уақыты айтарлықтай қысқарады. Бұрын бұл процесс 4 сағатқа созылса, енді небәрі 30 минутты алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ведомство көлік-логистика саласына жасанды интеллектті енгізуде. Smart Cargo – бұл мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін біріктіретін цифрлық платформа. Жүк туралы барлық ақпарат QR-код арқылы қолжетімді болады. Жасанды интеллект құжаттарды автоматты түрде тексереді, маршруттарды құрады, қозғалысты бақылайды және қажетті рұқсаттарды анықтайды.

«Нәтижесінде шекарадан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін, яғни 8 есеге қысқарады», – деді Сауранбаев.

Сонымен қатар, автомобиль көлігі саласында жүк тасымалын бақылаудың интеллектуалды жүйесі енгізілуде. Жасанды интеллект қозғалыс маршруттарын анықтайды, салмақ бақылау станцияларының деректерін салыстырады, бұзушылықтарды анықтап, автоматты түрде сигнал береді. Құжаттарды қолмен өңдеуге кететін уақыт 30 күннен 3 күнге дейін қысқарады.

Сондай-ақ, QazTech базасында барлық көлік түрлерін біріктіретін бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесі e-Kөлік құрылуда. Бұл платформа деректерді жинауға, өңдеуге, көлік ағындарын болжауға және автоматты түрде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар

Шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады: жаңа жүйе іске қосылды · Todayinfo