Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Босанғанда көмек шақыруға болмайды»: — 40 градус аязда отсыз жылынған үйі бар әлемдегі жалғыз ұлттың ерекшелігі 

XVII ғасырда орыс зерттеушілері Чукоткаға жеткенде, бұрын-соңды көрмеген ерекше халықты кездестірді. Олар қалың қардың үстінде жалаң аяқ жүре беретін, мәңгілік тоңның ортасында пешсіз үйлерде тұратын және аяздан қорықпайтын жандар еді. 1648 жылы казак Семен Дежнев патшаға жазған

Авторы Айғаным Нариманова··5 мин оқу
«Босанғанда көмек шақыруға болмайды»: — 40 градус аязда отсыз жылынған үйі бар әлемдегі жалғыз ұлттың ерекшелігі 
XVII ғасырда орыс зерттеушілері Чукоткаға жеткенде, бұрын-соңды көрмеген ерекше халықты кездестірді. Олар қалың қардың үстінде жалаң аяқ жүре беретін, мәңгілік тоңның ортасында пешсіз үйлерде тұратын және аяздан қорықпайтын жандар еді. 1648 жылы казак Семен Дежнев патшаға жазған есебінде бұл халықты «чукуч» — яғни «бұғысы бай» (чаучу) деп атаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Содан бері төрт жүз жыл өтсе де, чукчалар Ресейдің ең жұмбақ халықтарының бірі болып қала бермек. Олардың саны небәрі 16 мыңға жуық, бірақ бұл санның артында планетаның ең қатал жағдайында мыңдаған жылдар бойы сақталған ұлы мәдениет жатыр. Мамонттарды көргендер Чукчалардың тарихы шамамен 20 мың жыл бұрын басталады. Ол кезде Беринг бұғазының орнында Азия мен Американы байланыстырып тұрған «Берингия» атты құрлықтық көпір болған. Осы жолмен Саян-Байкал өңірінен шыққан алғашқы мамонт аулаушылар көшкен. Бірі Америкаға өтіп, үндістердің арғы атасы атанса, екіншілері Чукоткада қалып қойған. Чукчалар екі топқа бөлінеді: Анкальыт («теңіз халқы») - жағалауда тұрып, теңіз аңдарын аулайтындар. Чаучу («бұғылы адам») - тундрада бұғы бағатындар. Олар өздерін ортақ атаумен «луораветлян», яғни «нағыз адамдар» деп атайды. Пешсіз үй - яранганың құпиясы Чукчалардың дәстүрлі баспанасы — яранга. Бұл бұғы немесе теңіз хайуандарының терісімен қапталған үлкен конус тәріздес үй. Оның ішінде ешқашан жылу үшін от жағылмайды. Ошақ тек тамақ пісіруге ғана пайдаланылады. Ал адамдар қайда жылынады? Яранганың ішінде «перде» (полог) деп аталатын, бұғы терісінен жасалған кішкене «жәшік-бөлме» ілінеді. Сыртта аяз -40 градус болса, пологтың ішінде температура +25 градусқа жетеді. Жылу көзі - адамдардың дене қызуы және кішкене ғана май шам (жирник). Іші ыстық болғаны сонша, адамдар перде ішінде жалаңаш отырады. Бұл — бұғы терісінен жасалған әлемдегі ең мінсіз «термос». Оңай босану және қатал тәрбие Чукот әйелдерінің өмірі өте қайшылықты. Бір жағынан, оларға босану кезінде көмек сұрауға қатаң тыйым салынған. Әйел баласын жалғыз босанып, кіндігін өзі кесуі тиіс. Егер көмек сұраса, бұл үлкен ұят саналып, күйеуіне «пақыр» деген ат тағылған. Бұл қатыгездік емес, көшпелі өмірде кез келген жағдайда аман қалудың қажеттілігі еді. Тағы бір қызық дерек.. Чукчалар Еуропада «түсініксіз» деп саналған дүниелерге ертеден түсіністікпен қараған. Мысалы, егер ер адамға «рухтар әйел болуды бұйырса», ол әйел киімін киіп, солардың жұмысын істеген. Оны ешкім кемсітпеген, керісінше, рухтардың таңдаулысы деп құрметтеген. Физиологиялық ерекшеліктер Арктикадағы өмір чукчалардың дене бітімін де өзгерткен: терлемейді Олардың терісі өте аз тер бөледі, өйткені - 40 градуста терлеу — өліммен тең (ылғал дене тез тоңады). Иіс сезу Олар өте өткір иіс сезеді. XIX ғасырда соғыс кезінде жаудың иісін алыстан сезіп қоятын болған. Төзімділік Олар бұғы бағып немесе аң аулап, үш күн қатарынан ұйықтамай жүре береді. Суыққа сезімтал емес  -15 градус жылылық олар үшін «ыстық» болып көрінеді, тіпті салқындау үшін киім ішіне қар салып жібереді. Ортақ мүлік және менталитет Чукчаларда «байлық жинау» деген ұғым жоқ. Егер аңшы үлкен кит аулап, көп ақша тапса, ол оны дереу туыстарына, көршілеріне таратып, бәрін қонаққа шақырады. Ақша таусылғанша бәрімен бөліседі.  Бұл — «бүгін менің жолым болса, бәріміз тоқпыз, ертең сенің жолың болса, мен аш қалмаймын» деген Арктиканың жазылмаған заңы. Чукчалардың Ресей империясына бағыну тарихы — Солтүстік халықтарының ішіндегі ең ұзаққа созылған, қанды әрі ерекше соғыстардың бірі. Бұл соғыс XVII ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың соңына дейін, шамамен 150 жылға созылды. Тарихшылар бұл кезеңді «Чукотканы жаулап алу» деп атаса, чукчалар үшін бұл нағыз тәуелсіздік жолындағы арпалыс болды. 1. Соғыстың басталуы (XVII ғасыр) Орыс казактары Чукоткаға аң терісі (бұлғын, морж тісі) және салық (ясак) жинау үшін келді. Алайда, чукчалар басқа халықтар сияқты бірден бағына салған жоқ. Олар орыстардың отты қаруына (пищаль) қарсы садақпен, сүйектен жасалған найзалармен және бұғы терісінен жасалған сауыттармен шықты. 2. «Жазалаушы» жорықтар (XVIII ғасыр) 1727 жылы Ресей патша үкіметі Чукотканы күшпен бағындыру үшін арнайы Анадырь партиясын құрды. Бұл кезеңнің ең қатыгез тұлғалары — майор Афанасий Шестаков пен майор Дмитрий Павлуцкий болды. Чукчалар Павлуцкийді «Якунин» (жауыз, қанішер) деп атап кеткен. Ол чукчалардың ауылдарын өртеп, бұғыларын айдап әкетіп, әйелдері мен балаларын тұтқынға алды. Чукчалардың тактикасы Олар партизандық соғыс жүргізді. Түнде тұтқиылдан шабуыл жасап, аязда жалаң аяқ жүріп, орыс отрядтарын тундраның түкпіріне алдап апарып, қырып тастап отырған. 3. Чукчалардың жеңісі: Павлуцкийдің өлімі 1747 жылы Орловая өзенінің бойында ірі шайқас болды. Чукчалар майор Павлуцкийдің отрядын талқандап, майордың өзін өлтіреді. Оның сауыты мен қаруын олжа ретінде алып кетіп, бұл жеңісті аңызға айналдырған. Бұл Ресей империясы үшін үлкен соққы болды. 4. Ресейдің шегінуі және саясаттың өзгеруі Ондаған жылдарға созылған соғыс Ресей үшін өте қымбатқа түсті. Анадырь бекінісін ұстап тұруға жұмсалған шығын жиналған салықтан әлдеқайда көп болды. 1764 жылы Сенат Анадырь бекінісін жою туралы шешім қабылдады. 1778 жылы Екатерина II патшайымның тұсында чукчалармен бейбіт келісім жасалды. Ерекше мәртебе Бұл соғыстың нәтижесі таңғалдырады: Чукчалар Ресей империясының құрамына «соғыс арқылы бағындырылған» халық ретінде емес, «ерікті түрде қосылған» одақтас ретінде кірді. Оларға «ясак» (салық) мөлшерін өздері белгілеуге рұқсат берілді (көбіне символикалық түрде берді немесе мүлдем бермеді). Олардың ішкі заңдары мен салт-дәстүрлеріне қол сұғылмады. Тіпті Ресей заңдарында чукчалар туралы: «Олар Ресейге толық бағынышты емес, тек саудалық байланыстағы халық» деген мағынадағы баптар болған. Чукчалар — Солтүстік Азиядағы Еуропалық державаның әскери күшін тоқтата алған жалғыз халық. Олардың жауынгерлік рухы соншалықты жоғары болды, тіпті көршілес коряктар мен эскимостар чукчалардан қатты қорыққан. Бүгінде чукчалардың саны аз (16 мың), тілі мен дәстүрі жоғалу қаупінде тұр. Бірақ олар әлі де тундрада бұғы бағып, Беринг теңізінде аң аулап жүр. Олар өздерін «луораветлян» (нағыз адамдар) деп тегін атамаған. 20 мың жыл бойы мұз құрсауында аман қалған халық нағыз төзімділіктің символы болса керек.

Ұқсас материалдар

«Босанғанда көмек шақыруға болмайды»: — 40 градус аязда отсыз жылынған үйі бар әлемдегі жалғыз ұлттың ерекшелігі  · Todayinfo