Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

БҚО-да еріген қар суы өзен деңгейін көтерді

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында қардың еруі салдарынан Ақтай-сай мен Жақсыбай ауылдарындағы Таян өзендерінің деңгейі көтерілді,деп хабарлайды  Todayinfo. Соның нәтижесінде ауылдарға кіреберіс жолдарға су жайылған, деп хабарлайды ТЖМ өкілдері. Елді мекендерге қат

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында қардың еруі салдарынан Ақтай-сай мен Жақсыбай ауылдарындағы Таян өзендерінің деңгейі көтерілді,деп хабарлайды Todayinfo. Соның нәтижесінде ауылдарға кіреберіс жолдарға су жайылған, деп хабарлайды ТЖМ өкілдері. Елді мекендерге қатер жоқ, тұрғындарды өткізу үшін құтқарушылар жұмылдырылды. Қаратөбе ауылындағы Қалдығайты өзенінде ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері инертті материалдар салынған қаптарды толтырып, жинап жатыр. Жағалауды нығайту жұмыстарына тиегіш техника тартылған. Қазіргі мәліметтер бойынша, өзендердің деңгейі қауіпті шекке жеткен жоқ.    

Ұқсас материалдар

БҚО-да еріген қар суы өзен деңгейін көтерді · Todayinfo