Todayinfo.kz
Батыс ҚазақстанБарлық жазбаларды қарау

БҚО-да орын алған жол апатына қатысты комиссия құрылды

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен  Чапай-Жаңақала-Сайхын бағытындағы тас жолда орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат по

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
БҚО-да орын алған жол апатына қатысты комиссия құрылды
Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен  Чапай-Жаңақала-Сайхын бағытындағы тас жолда орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес құрылған жұмыс тобы Жаңақала ауданында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты оның мән-жайын толық әрі объективті анықтауды, сондай-ақ зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді, жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайына талдау жүргізіп, құзыретті органдармен  өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Комиссия құрамына облыс прокуроры, облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және салалық басқармалар басшылары, Жаңақала ауданының әкімі енгізілді. Облыс әкімі қиын сәтті өткеріп отырған  отбасылардың қайғысына ортақтасып:
«Бұл - бүкіл өңіріміз үшін өте өкінішті жағдай. Ауыр қаза қаншама отбасына орны толмас қайғы әкелді. Зардап шеккендерге тиісті медициналық жәрдем беріледі, ал қаза тапқандардың отбасыларына Заң асында көмек көрсетілетін болады», - деді.
Өңір басшысы Жаңақала ауданының әкіміне қаза тапқан жандардың жерлеу рәсімін  ұйымдастыруды, сондай-ақ зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетуді тапсырды. 17 қараша күні Чапай – Жаңақала - Сайхын бағытындағы тас жолдың 50-шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алып, екі көліктің бірі өртенген. Оқиға орнында 8 адам қаза тауып, 4 адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан азаматтар Жаңақала ауданының Мұқыр, Жаңақала, Қызылоба, Мәштексай ауылдарының және Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылының тұрғындары.

Ұқсас материалдар

БҚО-да орын алған жол апатына қатысты комиссия құрылды · Todayinfo