1 қаңтар күнгі мәліметке сүйенсек, Алматы, Астана және Шымкенттегі айырбастау пункттері доллар, еуро мен рубльдің орташа сатып алу және сату бағамын жариялады. Бұл көрсеткіштер Kurs.kz платформасында ұсынылған.
Бүгінгі валюта бағамы шетел ақшасын сатып алуды не сатуды жоспарлап жүргендер үшін маңызды ақпарат болмақ.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыдағы айырбастау пунктерінде:
– Доллар: сатып алу — 511,67 теңге, сату — 517,39 теңге;
– Еуро: сатып алу — 592,87 теңге, сату — 603,79 теңге;
– Рубль: сатып алу — 6,10 теңге, сату — 6,40 теңге.
Астанадағы бағамдар да ұқсас деңгейде:
– Доллар: сатып алу — 509,88 теңге, сату — 516,88 теңге;
– Еуро: сатып алу — 591,97 теңге, сату — 601,93 теңге;
– Рубль: шамамен 6,23 – 6,50 теңге аралығында сатылып жатыр.
Шымкенттегі айырбас курстары қандай?
Оңтүстік мегаполисте доллар 511,06 теңгеден сатып алынып, 514 теңгеден сатылуда.
Еуро: сатып алу — 590,69 теңге, сату — 605,50 теңге;
Рубль: сатып алу — 6,24 теңге, сату — 6,37 теңге.
Ұлттық Банктің ресми мәліметіне сәйкес, бүгінгі негізгі курс:
– 1 доллар — 505,53 теңге;
– 1 еуро — 593,44 теңге;
– 1 рубль — 6,34 теңге.
Доллар бағамы неге өзгерді?
31 желтоқсандағы қор биржасындағы күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа бағамы 3,02 теңгеге көтеріліп, 505,53 теңгені құрады. Бұл – жаңажыл алдында ұлттық валютаға деген сұраныстың артқанын көрсетеді.




