Әнші Алтынай Жорабаева тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында сөз сөйлеп, өзі де мұндай жағдайды бастан өткергенін айтты. Оның сөзінше, актер Сәбит Әбдіхалықовпен бірге тұрған кезінде зорлық көрген. Өнер иесі бұл жағдайдан кейін төрт қызын алып, Астанаға кетуге мәжбүр болғанын жет
Әнші Алтынай Жорабаева тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында сөз сөйлеп, өзі де мұндай жағдайды бастан өткергенін айтты. Оның сөзінше, актер Сәбит Әбдіхалықовпен бірге тұрған кезінде зорлық көрген. Өнер иесі бұл жағдайдан кейін төрт қызын алып, Астанаға кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.
«Ер адам Алланың тиымдарының шеңберінен шыққан күні әйелінен мінез шығады. Осы постты 2015 жылы 1 қазанда салған екенмін. Шегіне жетіп, жарылайын деп жүрген кезім ғой. Содан 2016 жыл 11 қаңтарда Астанаға қаштым ғой 4 қызымды алып», - деді ол.
Сонымен қатар ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңдарды қатаңдату қажет екенін айтып, билікті сынға алды. Жорабаева ата-аналарды ұл-қызды бірдей сыйластыққа тәрбиелеуге шақырды.
«Бізде билікте отырып заң қабылдайтындар еркектер болған соң бүкіл заң еркекке ыңғайлы жасалған! Ащы болса да шындық! Айналадағы болып жатқан жайттардың шешімдерін қарап-ақ түсіне бересің! Сол себепті құрметті ата-аналар, қызды «ер азаматыңды сыйла» деп тәрбиелегендей, ұлдарыңызды да «қыз баланы сыйла, қорға, ол- Алланың аманаты» деп тәрбиелеңіздерші, иә! Әсіресе, біздің оңтүстік жақ. Сонда ғана отбасында, қоғамда тыныш өмір болады»,- деді Жорабаева.
Фото: @altynaizhorabayeva