«Жекелеген кикілжіңдердің реттелгеніне қарамастан, әлемдегі жалпы ахуал әлі де ушығып тұр. Адамзат өзара сенім, толеранттылық, орнықты даму үшін бейбітшілік пен ынтымақтың маңызын түсіну секілді іргелі факторларға зәру. Сонымен қатар кейбір күмәнді ережелер алға шығып, халықаралық құқықтың әлсірей бастағаны, көпжақты құрылымдардың, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен тиімділігінің төмендегені өкініш тудырады. Стратегиялық теңгерімді қалпына келтірмей, әлемде әділ тәртіп орнату мүмкін емес. Сондықтан халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік сөз күйінде қалып, көпжақты форумдардың қарарлары мен келіссөздердегі ізгі тілек ретінде ғана көрініс табады. Сол себепті Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына жан-жақты реформа жүргізуді, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, Бас Ассамблеяның рөлін нығайтуды қолдайды. Бас Ассамблеяның 80-ші сессиясы аясында мен БҰҰ жүйесін реформалау жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу үшін пікірлестер тобын құру идеясын көтердім», – деді Президент.
БҰҰ-ның беделі мен тиімділігінің төмендегені өкініш тудырады – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолд

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді.
Президент еліміз осы маңызды қарарды қуаттағанын айта келіп, бейбітшілік пен келісім Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының іргетасы саналатынына назар аударды.
Ұқсас материалдар

AQORDA
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті
Айдар Керім·

AQORDA
Интеграцияға ашықпыз: Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі
Айдар Керім·

AQORDA
Ақниет және Бөрте: Тоқаев асыл тұқымды құлындарға есім берді
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·