Жавохирдың жары атанбақ: Бибісара Асаубаева өзбек жігітінің етегінен ұстады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен өзбекстандық Жавохир Синдоровтың табысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Кипрде өтіп жатқан турнирде ерлер мен әйелдер арасындағы жары

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен өзбекстандық Жавохир Синдоровтың табысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Кипрде өтіп жатқан турнирде ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар қатар ұйымдастырылуда. 14 турдың 13-і аяқталған соң Синдоров жалпы есепте қарсыластарынан оқ бойы озып, турнир жеңімпазы атанды. Енді ол әлем чемпионы атағы үшін үндістандық Гукеш Доммараджумен бақ сынайды.
Асаубаева өзінің Telegram-арнасында Синдоровпен бірге түскен суретін жариялап, «Менің чемпионым» деген жазба қалдырды.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде қос шахматшының арасындағы жақын қарым-қатынас туралы ақпарат таралған. Алайда олар бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Соған қарамастан, үміткерлер турнирі барысында қазақстандық шахматшы мен өзбекстандық гроссмейстердің бірге уақыт өткізіп, бір-біріне қолдау көрсетіп жүргені байқалады. Асаубаева бұған дейін де Синдоровпен түскен суреттерін бөліскен.
Өз кезегінде Бибісара Асаубаева 13 тур қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинап, үндістандық Вайшали Рамешбабумен бірге көш бастап тұр. Осылайша, қазақстандық шахматшы турнирде жеңіске жетуге әлі де мүмкіндік сақтап отыр.
Ұқсас материалдар

Спорт
«Өгей әкесімен Мәскеуде тұрады, бір ауыз қазақша білмейді»: журналист Бибісара Асаубаеваның Путиннен ресей азаматтығын сұрағанын жайып салды
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Елдің интеллектуалдық болашағына шенеуніктер емес, менің ата-анам инвестиция салып жүр»: Асаубаева Спорт министрлігінің жауабына шүйлікті
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Бибісараға соңғы 3 жылда 700 миллион теңге бөлінді»: Журналист спорттағы шығындарды сынға алды
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Мәлімдемесі шындыққа сай келмейді»: Министрлік Асаубаеваға қанша ақша бөлінгенін жайып салды
Айғаным Нариманова·