Қазақстанда әрбір азаматтың қаржылық операциялары мен жүріс-тұрысы салық органдарына толық көрініп тұратын болды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, еліміздің барлық тұрғынына арнайы "цифрлық карта" ашылып қойған. Бұл жаңа жүйе азаматтардың жеке деректерін қадағалауға мүмкіндік береді.
"Енді салық органдары жаңа жүйе арқылы азаматтардың кіріс-шығысын, кім қайда барғанын және өзге де деректерді толық біліп отырады", – деді Ержан Біржанов.




