Қостанай облысының Житикара ауданында мемлекет қазынасына қайтарылған олигархтардың миллиардтаған қаражаты есебінен емхана ғимараты күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, жөндеу жұмыстарына 972 млн теңге жұмсалған. Бұл қаражат Бас прокуратураның қайтару жұмысы нәтижесінде мемлекет есебіне түскен.
Қазіргі уақытта емхана ғимаратын Житикара аудандық ауруханасының балансына беру рәсімдері жүргізілуде. Нысан толықтай тапсырылғаннан кейін емхана жұмысын бастайды.
«Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылып, медициналық көмек көрсету жағдайлары жақсарды, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін заманауи және қауіпсіз жағдайлар жасалды», – делінген прокуратура хабарламасында.




