Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

CNN: Қытай АҚШ пен Ресейден озатын жаңа ядролық қаруды жасырын сынап жатыр

CNN дереккөздеріне сүйеніп, Қытайдың ядролық қарудың жаңа түрін жасап жатқанын хабарлады. Бейжің АҚШ пен Ресейден озатын технологияны әзірлеуде.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
CNN: Қытай АҚШ пен Ресейден озатын жаңа ядролық қаруды жасырын сынап жатыр
Қытай ядролық қарудың жаңа буынын әзірлеп, өз арсеналын толық трансформациялау аясында кем дегенде бір жасырын сынақ өткізген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұл туралы CNN өз дереккөздеріне сілтеме жасап жазды.
"Ядролық арсеналға салынған инвестиция Қытайды Ресей мен АҚШ-пен теңестіріп, қазіргі екі ядролық державада жоқ техникалық мүмкіндіктерге қол жеткізуіне жол ашады", – делінген басылым мақаласында.
Ақпаратқа сәйкес, Қытай 1996 жылдан бері енгізілген мораторийге қарамастан, 2020 жылдың маусымында жасырын ядролық сынақ жүргізген. Сондай-ақ болашақта тағы бірнеше тәжірибе жасауды жоспарлап отыр. АҚШ барлау қызметінің пікірінше, Бейжің "келесі буын ядролық қаруын" жасауға ниетті. Оның ішінде бір зымыранға бірнеше шағын ядролық оқтұмсық орналастыру технологиясы да бар.
"Дереккөздердің айтуынша, Қытай бұрын-соңды өндірмеген қуаты аз тактикалық ядролық қаруды да әзірлеп жатқанға ұқсайды. Бұл қару жақын аумақтағы нысандарға, соның ішінде Бейжің АҚШ-тың Тайваньды қорғау әрекетіне жауап берген жағдайда қолданылуы мүмкін", – деп жазады CNN.
Бұған дейін АҚШ сенаторы Джей Ди Вэнс Американың әлемдегі ядролық қару санын азайту үшін Ресеймен, Қытаймен және басқа да елдермен жұмыс істейтінін мәлімдеген. Ол бұл мақсат жолында Вашингтонның өз бәсекелестерімен ынтымақтасуға дайын екенін атап өткен еді.

Ұқсас материалдар