Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Колумбиядағы лаңкестік шабуыл: автобус жарылысынан 14 адам қаза тауып, 38 адам жараланды

26 сәуірде Колумбияның Каука департаментіндегі Панамерика тасжолында жарылған автобустан 14 адам қаза тауып, 38 адам жараланды, оның ішінде бес бала бар.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Колумбиядағы лаңкестік шабуыл: автобус жарылысынан 14 адам қаза тауып, 38 адам жараланды
📷 Дереккөз: orda.kz

26 сәуір, жексенбі күні Колумбияның Каука департаментіндегі Панамерика тасжолында жарылған автобустан кемінде 14 адам қаза тауып, 38 адам жараланды. Жараланғандардың бесеуі – балалар. Бұл туралы Todayinfo.kz DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Департамент губернаторы Октавио Гусман бұл оқиғаны «азаматтық халыққа қарсы іріктеусіз шабуыл» деп атады. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс соншалықты күшті болған, оларды бірнеше метрге лақтырып жіберген.

Билік лаңкестік шабуылға «Хайме Мартинес» тобын жауапты деп санайды. Бұл топ бейбіт келісім шеңберінде қаруларын тапсырудан бас тартқан Колумбия революциялық қарулы күштерінің (FARC) бұрынғы жауынгерлерін біріктіреді.

AP агенттігінің жергілікті билікке сілтеме жасаған мәліметінше, соңғы екі күнде Колумбияның оңтүстік-батысында бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендермен кемінде 26 оқиға тіркелген. Зорлық-зомбылықтың күшеюі сайлауалды науқанның соңғы кезеңімен тұспа-тұс келді – Колумбиядағы президенттік сайлау 31 мамырға белгіленген.

Ұқсас материалдар

Колумбиядағы лаңкестік шабуыл: автобус жарылысынан 14 адам қаза тауып, 38 адам жараланды · Todayinfo