Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сотталған блогерлер Жанабыловтар өкініп, сот пен прокуратураға алғыс айтты

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова сот үкімінен кейін видеоүндеу жариялап, қателіктерін мойындап, қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Сотталған блогерлер Жанабыловтар өкініп, сот пен прокуратураға алғыс айтты
📷 Дереккөз: inbusiness.kz

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім жарияланғаннан кейін, жұбайлар видеоүндеу жазып, сот пен прокуратураға, сондай-ақ сот процесі кезінде қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жарияланған үндеуде жұбайлар қабылданған шешім үшін ризашылықтарын жеткізді. «Біз сотқа, прокуратураға қабылданған шешім үшін алғыс айтқымыз келеді», — деді олар.

Сондай-ақ жұбайлар болған оқиғадан қорытынды жасағандарын айтты. «Біз өз қателігімізді түсіндік, оны қайталамаңыздар. Сондықтан барлығына шын жүректен алғыс айтамыз», — делінген үндеуде.

Бұған дейін сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша кінәлі деп таныған. Сот Ерболат Жанабыловқа мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындаса, Эльмира Төлегеноваға екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын кейінге қалдырды. Блогерлер 247 653 229,5 теңге көлеміндегі мүліктік залалды өтеген.

Ұқсас материалдар

Сотталған блогерлер Жанабыловтар өкініп, сот пен прокуратураға алғыс айтты · Todayinfo