«Мерзімді созу немесе талапты бұзу фактілеріне жол берген жауапсыз мердігерлер жауапкершілікке тартылады. Бізде сапасы төмен жұмыс үшін лицензиядан айыру тәжірибесі бар. Сондықтан сіздерден тәртіп, жеткілікті ресурс және міндеттемелерді сапалы орындауды күтеміз», – деді Дархан Сатыбалды.Алматы әкімдігі жаңғырту жұмыстарының орындалуын әрі қарай да бақылауда ұстайды. Жаңарған вокзал қаланың заманауи, ыңғайлы әрі қауіпсіз көлік инфрақұрылымы нысанына айналуы тиіс.
Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу барысын тексерді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Алматы–1» теміржол вокзалына барып, нысанда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты. Құрылыс 1974 жылы салынған ғимараттың бастапқы сәулеттік келбетін барынша сақтай отырып жүзеге асырылуда. Мердігер ұйым жолау

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Алматы–1» теміржол вокзалына барып, нысанда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты. Құрылыс 1974 жылы салынған ғимараттың бастапқы сәулеттік келбетін барынша сақтай отырып жүзеге асырылуда. Мердігер ұйым жолаушылар ағынының көптігі мен нысанның жоғары жүктемесін ескеріп, заманауи антивандал материалдарды қолдануда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Жаңғыртылған вокзал аумағында визит-орталық, музейлік экспозиция және капсульдік қонақүй ашу жоспарланып отыр. Бұл қызмет сапасын арттыруға, туристік инфрақұрылымды жақсартуға және жолаушылар үшін қосымша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Алматы әкімі вокзалдың жаңғыртылуы қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер ететін маңызды әлеуметтік жоба екенін атап өтіп, жұмыстар белгіленген мерзімде және талапқа сай орындалуы тиіс екенін айтты.
Ұқсас материалдар

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·