Спортшы Дастан Сәтпаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Ол беделді марапатты "Спорт" номинациясы бойынша 2025 жыл үшін алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
"Дарын" – ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорт саласында ерекше жетістікке жеткен талантты жастарға жыл сайын табысталатын мемлекеттік сыйлық. Бұл марапат жас таланттарды ынталандыру және олардың еңбегін мемлекеттік деңгейде мойындау мақсатында тағайындалған.
Фото: Әлеуметтік желіден




