Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Декларация тапсырудан кімдер босатылады? Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа шарты

Қазақстанда салық органдары бизнес өкілдері үшін кірістер мен шығыстар туралы декларацияны алдын ала толтырып беру жүйесіне көшуді жоспарлап отыр . Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, бұл жаңашылдық шағын бизнес нысандарын қамтиды. Бұл туралы Todayinfo порталы жазды.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Декларация тапсырудан кімдер босатылады? Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа шарты

Қазақстанда салық органдары бизнес өкілдері үшін кірістер мен шығыстар туралы декларацияны алдын ала толтырып беру жүйесіне көшуді жоспарлап отыр. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, бұл жаңашылдық шағын бизнес нысандарын қамтиды. Бұл туралы Todayinfo порталы жазды.

Бұл өзгеріс кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп қана қоймай, қателіктерді азайтуға бағытталған жаһандық цифрландыру үрдісінің бір бөлігі.

Жаңа жүйе қашан және қалай іске қосылады?

Вице-министрдің сөзінше, дайын декларация ұсыну процесі 2026 жылдан бастап (келесі жылдан) шағын бизнес үшін қолжетімді болуы мүмкін. Жаңа Салық кодексі аясында алдын ала толтыру элементтері қарастырылған.

Ірі бизнеске келетін болсақ, олармен қазірдің өзінде «Көлденең мониторинг» (Горизонтальный мониторинг) жобасы жүзеге асырылуда.

  • Салық органдары мен ірі компаниялар онлайн режимде дерек алмасады.

  • Мемлекет компанияның барлық ішкі есептерін және операцияларын көре алады.

  • Нәтижесінде, компанияға бөлек декларация тапсырудың қажеті болмай қалады.

Министрлік өкілі: "Егер біз онлайн-алмасуды жолға қойсақ және есепке алу жүйелері арқылы жұмыс істесек, декларация ұсыну қажеттілігі өздігінен жойылады", — деп атап өтті.

Қате кетсе, кім жауап береді?

Көпшілікті мазалайтын басты сұрақ: егер мемлекет толтырған құжатта қате болса ше? Ержан Біржанов жауапкершілік толығымен мемлекетке өтпейтінін ескертті. Бұл — міндеттеу емес, сервистік қызмет.

Салық органдары өздерінде бар деректер және басқа қаржы институттарынан түскен ақпарат негізінде декларацияны шамамен 90 пайызға дайын күйінде ұсынады. Ал салық төлеуші:

  • Дайын нұсқамен келісе алады;

  • Немесе оған өзгертулер енгізе алады.

«Бұл біз салық төлеушінің рөлін толық өзімізге аламыз деген сөз емес. Азаматтар: "Бұл кірісті мен табыс деп санамаймын" деп, деректерді түзете алады», — деп түсіндірді вице-министр.

Ұқсас материалдар

Декларация тапсырудан кімдер босатылады? Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа шарты · Todayinfo