"Әлемге осындай ұлды сыйлағаныңыз үшін сізге рақмет. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын", – деді Қайрат Нұртас.Қазіргі таңда Оксана Тен жас мәнерлеп сырғанаушыларды дайындаумен айналысады. Ол өз кезегінде ұлы Денистің Қайрат Нұртасты ерекше құрметтегенін айтты. Марқұм спортшы оның еңбегін бағалап, бәріне өз күшімен жеткен өнер иесі деп санаған екен. Әңгіме барысында Оксана Тен әншіге бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс тастады. Қайрат Нұртас жас спортшыларға тегін көмектесуге дайын екенін бірден жеткізді. Фото: Әлеуметтік желіден
Денис Теннің анасы Қайрат Нұртаспен кездесті: «Ұлым сізді қатты құрметтеді»
Әнші Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына гүл шоқтарымен барды. Кездесуде Оксана Тен ұлының әншіні қатты құрметтегенін айтты.

Әнші Қайрат Нұртас мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері болған марқұм Денис Теннің анасы Оксана Алексеевнаға арнайы барып, гүл шоқтарын сыйлады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Әнші бұл кездесудің жайдан-жай болмағанын жеткізді. Оның айтуынша, жақында ғана Олимпиадада топ жарған Михаил Шайдоровтың жеңісі – кезінде Денис Теннің жас спортшыларға салып берген даңғыл жолының жалғасы. Осыны айта отырып, ол Оксана Тенге алғысын білдірді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Ұрығын қатырып қойған»: танымал журналист күтпеген мәлімдеме жасады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Ақтөбедегі пакетте табылған сәбиге ерекше есім берілді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға өтініш берді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
БалқашTourFest: Жазғы фестиваль рекордтық қонақ санын күтеді
Todayinfo редакциясы·