Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Депутат Әділ Жұбанов Атырау халқымен кездесіп, өңірлік мәселелерді көтерді

Атырау қаласына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов тұрғындармен кездесу барысында өңірді алаңдатып отырған өзекті мәселелерді атап өтті,деп хабарлайды  Todayinfo. Оның айтуынша, қазіргі таңда қала инфрақұрылымы мен тұрғын үй құрылысы, әсіресе ескі үйлерді б

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Депутат Әділ Жұбанов Атырау халқымен кездесіп, өңірлік мәселелерді көтерді
Атырау қаласына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов тұрғындармен кездесу барысында өңірді алаңдатып отырған өзекті мәселелерді атап өтті,деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, қазіргі таңда қала инфрақұрылымы мен тұрғын үй құрылысы, әсіресе ескі үйлерді бұзу және жаңа аудандарды жоспарлау мәселесі өзекті болып отыр.
 «Қызмет сіздердің жобаларыңызға сәйкес келмей жатса да, өңірдің ең маңызды мәселесі болған соң, өз көзіммен көріп кетейін деп арнайы келіп отырмын», – деді депутат.
Ол қаладағы кейбір аумақтарда кәріз мүлде жоқ, су ағымы өздігінен ағатын жүйемен шешіліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, кейбір ықшам аудан тұрғындарының санитарлық жағдайы мен инженерлік инфрақұрылымы мүлде сын көтермейді. Депутат кейбір құрылыс нысандарының графиктен қалып жатқанын, бір айдың ішінде бір ғана үйдің құрылысы кешеуілдеуі мүмкін екенін айтты. Ол жобалаушы компанияларға екі ауысымда жұмыс істеуді ұсынып, құрылыс қарқынын үдету қажет екенін атап өтті.
«Қуантатын бір жайт – кей нысандар 100% дайын күйінде келіп тұр. Жергілікті әкімдік тарапынан қолдау бар, қажетті қаражат бөлінген. Бұл – үлкен мүмкіндік», – деді ол.
«Қаланың көркі бұзылып тұр. Жайықтың екі жағын тиімді жобалау арқылы осы аумақтарды көркейтіп, ескі үйлерді жаңарту қажет. Қала заманауи келбетке ие болуы тиіс. Неге біз осы әдемі жерлерді тиімді игермеске?» – деді депутат. Кездесу барысында Әділ Жұбанов білім беру мекемелерінің де жағдайына назар аударды. Кей мектептердің апатты жағдайда тұрғанын айтып, олардың қайта салынуы немесе күрделі жөндеуден өтуі қажет екенін жеткізді. Депутат сөз соңында қала мен қала маңындағы елді мекендер тұрғындарын инфрақұрылыммен қамтуда әділеттілік пен кешенді жоспардың қажет екенін айтты.
«Бұл жерде өзіміздің ағайындарымыз тұрады. Жағдай қиын. Мемлекеттік органдар бұл мәселелерді ескерусіз қалдырмауы тиіс. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру – біздің ортақ міндетіміз», – деп түйіндеді депутат Әділ Жұбанов.

Ұқсас материалдар

Депутат Әділ Жұбанов Атырау халқымен кездесіп, өңірлік мәселелерді көтерді · Todayinfo