«Түсінеміз, олар USAID сияқты батыс ұйымдарынан алған гранттарының ақшасын ақтауы керек болар. Бірақ, жануарлар құқығы адам құқығынан жоғары болғаны ма?!», – деді депутат.Жаңбыршиннің айтуынша, қаңғыбас иттер мәселесін шешу үшін Үкімет келесі шараларды қолға алуы тиіс: Өзін «зооқорғаушы» деп тіркеген барлық ұйымдардың қандай көздерден және қандай мақсатта қаржы алғанын тексеру. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та азаматтарды, депутаттарды және мемлекеттік қызметкерлерді қаралау, жала жабу фактілерін зерттеп, ұйымдастырушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беру. Қолданыстағы заң аясында бұралқы иттерді жаппай ұстап, қамауға алу, агрессия көрсеткендерін және жұқпалы аурулар тарататындарын эвтаназия әдісімен жою мүмкіндігін қарастыру. Депутат иттерге қатысты гуманистік шешім ретінде 15 күннен кейін эвтаназия жасауды ұсынды. Оның айтуынша, бұл әдіс АҚШ, Жапония, Израиль, Франция, Ұлыбритания және Литва сияқты көптеген елдерде қолданылады.
Депутат «грант алғыш» ұйымдарды тексеруді ұсынды
фото: Мәжіліс Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұралқы иттердің мәселесін көтеріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ол жануарларды қорғаумен айналысатын кейбір ұйымдардың батыстық гранттарды игеру мақсатында әрекет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық по

фото: Мәжіліс
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұралқы иттердің мәселесін көтеріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ол жануарларды қорғаумен айналысатын кейбір ұйымдардың батыстық гранттарды игеру мақсатында әрекет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
жануарлар құқығыЕділ Жаңбыршин.гранталғыш ұйымдарбұралқы иттерэвтаназиядепутаттық сауаладам қауіпсіздігі
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·