Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Депутаттар Бас прокуратурадан «СК-Фармацияға» қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті

Бас прокуратураға ресми арыз түсті. Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов еліміздің негізгі дәрі-дәрмек жеткізушісі – «СК-Фармация» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрап, тексеріс жүргізуді талап етті. Бұл бастама Жоғарғы аудиторлық палатаның салалық м

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Депутаттар Бас прокуратурадан «СК-Фармацияға» қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті

Бас прокуратураға ресми арыз түсті. Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов еліміздің негізгі дәрі-дәрмек жеткізушісі – «СК-Фармация» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрап, тексеріс жүргізуді талап етті.

Бұл бастама Жоғарғы аудиторлық палатаның салалық мониторинг нәтижелері бойынша туындаған. Палата медицина саласындағы жүйелі қаржылық заңбұзушылықтарды әшкерелеген.

Келтірілген деректер — шошырлық

  • Дәрілер бірнеше есе қымбатқа сатып алынған. Кейбір жағдайларда бағалар 3,5 есе артық көрсетілген.

  • Мысалы, «КазМедПром» деген компания Таиландтан 4 миллиард теңгеге сатып алған медициналық қолғаптарды қазақстандық ауруханаларға 8 миллиардқа өткізген.

  • Шамамен 17 миллиард теңгеге сатып алынған дәрілер еш қажет болмағандықтан – жойылған. Яғни, мемлекет ақшасына қажетсіз өнім сатып алынған.

  • Кейбір дәрілер арнайы сараптамадан өткізу сылтауымен әдейі кідіртілген.

    • Мысалы, «Кластеон» атты препарат 2,5 жыл бойы тіркеуді күткен, ал дәл сол уақытта оның қымбат аналогтары сатып алынған.

    • Ал кейбір дәрілер небәрі 25 күнде рұқсат алып отырған.

  • Кейбір дәрі-дәрмектер мүлде сертификатсыз, ешқандай сараптамасыз ауруханаларда қолданылып жатыр.

    • Аудиторлық палата мұндай 23 миллион данадан асатын препаратты тіркеген. Жалпы құны – 12 миллиард теңге.

Мемлекет үнемдей алар еді. Бірақ…

Арыз авторлары атап өткендей, мемлекет он миллиардтаған теңгені үнемдей алатын еді. Бірақ, кейбір тұлғаларға дәрі-дәрмекті қымбатқа сатып алу тиімді болып отырған секілді.

«Бұл жай ғана салақтық емес. Бұл – жүйелі, ұйымдасқан әрекет. Біз Бас прокуратурадан толық тергеу жүргізуді талап етеміз», – делінген депутаттардың мәлімдемесінде.

Редакцияға депутаттардың ресми арызы келіп түсті. Біз оқырманға оның мазмұнын алдағы материалдарда кеңінен таныстыратын боламыз.

Ұқсас материалдар