Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Димаш Құдайберген батыр кейпінде жұртты таңғалдырды: жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

Белгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде ерекше образбен пайда болды. Ол сақал-мұрт қойып, ежелгі жауынгер бейнесінде көрінді. Батырлар секілді сауыт киіп, қылышын сермеп, қазақ үйлердің жанында түсірілген бейнежазбасымен бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo. Әлеуметтік желі

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Димаш Құдайберген батыр кейпінде жұртты таңғалдырды: жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

Белгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде ерекше образбен пайда болды. Ол сақал-мұрт қойып, ежелгі жауынгер бейнесінде көрінді. Батырлар секілді сауыт киіп, қылышын сермеп, қазақ үйлердің жанында түсірілген бейнежазбасымен бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл образына жылы пікір білдіруде. Көпшілігі оны батыр кейіпіндегі нағыз қаһарман ретінде қабылдап, ерекше рух пен ұлттық болмыс сезілгенін айтуда. Шетелдік жанкүйерлер де қолдау білдіріп, Димаштың көркемдік ізденісін жоғары бағалады.

Айта кету керек, Димаш Құдайберген – әлемдік аренада өзін мойындатқан қазақ әншісі. Оның дауыс диапазоны ерекше, ал репертуары бірнеше тілде орындалады. Ол әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған тыңдарманның ықыласына ие.

Ұқсас материалдар

Димаш Құдайберген батыр кейпінде жұртты таңғалдырды: жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр · Todayinfo