Танымал Ақтөбелік емші Бағдагүл әлеуметтік желіде өз батасын халыққа сатуға көшті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Менде күш көп қой, шаршамаймын. Әруақтардың арқасы. Сәрсенбі, бейсенбі, қасиетті жұма күндері тиктокта бата үш күн болады. Бата сатып алғандардың кейбірі қызым күйеуге шықты деп жатыр. Жұртпен бірге қатысқан жақсы. Тіпті ватсап арқылы жеке бата алуға да болады, бейнехабарлама арқылы. Бәріне үлгеріп жатырмын әйтеуір. Шаршамаймын!», деді ол.
Алайда оқырмандарының көбі емшінің бұл әрекетін аямай сынап тастады.
«Мәәә не деген тупизм, Әруақтың арқасы деп, Саған барып жүргегдпрдің өзі тупойлар өңшең …», «Әрине, шаршамайсың, ақша түсіп тұрса», «Бұрын сүйсініп көретін едім, қазір көргім келмейді. Өткендегі Баяндарға қарсы шыққалы сөзінің барлығы өтірік секілді, адам қарап отырып тамақ жей ме, ол сынықшы емеспе адамдардың денесін ұстап сол қолымен тамақ жей ме», деп жазды көпшілік.
📷 Instagram: https://www.instagram.com/reel/DaI5h0th_8G/




