Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Дональд Трамп НАТО-ны жерден алып, жерге салды: «Қорқақтар, біз мұны ұмытпаймыз!»

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-дағы одақтастарын қатаң сынға алып, Иранға қарсы көмектеспегені үшін оларды "қорқақтар" деп атады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Дональд Трамп НАТО-ны жерден алып, жерге салды: «Қорқақтар, біз мұны ұмытпаймыз!»

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-дағы одақтастарын қатаң сынға алып, оларды Иранға қарсы тұруға және Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеспегені үшін «қорқақтар» деп атады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Трамп бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Ол АҚШ-тың қолдауынсыз альянстың «қағаз жолбарысқа» айналатынын меңзеді.

"Америкасыз НАТО-ның еш құны жоқ. Олар ядролық Иранға қарсы күреске араласқысы келмеді. Біз бұл шайқаста әскери жолмен жеңіске жеттік, ал олар үшін қауіп тым аз болды. Сөйте тұра, мұнай бағасының қымбаттығына шағымданады, бірақ Ормуз бұғазын ашуға көмектесуден бас тартады. Бұл өте қарапайым әскери операция еді. Мұнай бағасының шарықтауының негізгі себебі де сол. Оларға мұны істеу оңай, тәуекелі де аз болатын. Қорқақтар! Біз мұны ұмытпаймыз!" – делінген Трамптың жазбасында.

Трамптың бұл ашулы мәлімдемесінің астарында бірнеше себеп жатыр. Біріншіден, АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс кезінде Вашингтон еуропалық одақтастарынан жеткілікті қолдау көрмеді деп санайды.

Екіншіден, бұл — Трамптың НАТО-ға қатысты ескі өкпесі. Ол ұзақ уақыттан бері АҚШ альянстың қауіпсіздігі үшін негізгі ауыртпалықты көтеріп келеді, ал Еуропа елдері қорғанысқа тиісті деңгейде қаржы бөлмейді деп сынайды.

Үшінші мәселе – Ормуз бұғазы. Бұл – әлемдік мұнай тасымалының маңызды бөлігі өтетін стратегиялық нүкте. Оның жабылуы мұнай бағасының күрт өсуіне әкеледі. Трамптың пікірінше, еуропалық елдер мұнай бағасына шағымданғанымен, өздеріне тікелей әсер ететін осы маңызды жолды қорғауға атсалысқысы келмейді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Дональд Трамп НАТО-ны жерден алып, жерге салды: «Қорқақтар, біз мұны ұмытпаймыз!» · Todayinfo