Дубайда сотталған қазақстандық: өмір бойына түрме жазасы кесілді
Дубай соты Қазақстан азаматын өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 18 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы бірінші сатыдағы соты Қазақстан азаматы Ер

Дубай соты Қазақстан азаматын өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 18 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы бірінші сатыдағы соты Қазақстан азаматы Ернұр Алмаханды бірнеше ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру және айыппұл салу туралы үкім шығарған.
Ведомство дерегіне сүйенсек, сотталған азамат апелляциялық шағым түсірген. Осыған байланысты сот үкімі әзірге заңды күшіне енбеген.
Қазақстанның елшілігі Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдарына ресми сұрау жолдаған. Сыртқы істер министрлігінің 21 сәуірдегі хабарламасында қазіргі уақытта жауап күтіліп отырғаны айтылған.
Сонымен қатар министрлік ақпарынша, Дубайдағы Қазақстанның Бас консулдығы өз құзыреті аясында қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр. Мәселе ведомствоның бақылауында.
Ашық деректерге сәйкес, Ернұр Алмахан 2024 жылы жұмыс істеу мақсатында Біріккен Араб Әмірліктеріне барған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·