Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Дубайдың деңгейіне көтереміз деді: Сарапшы Назарбаевтың ғылымға дұрыс бөлмегені туралы айтты

Экономист, сарапшы Жанкелді Шымшықов Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы ғылым саласының қазіргі ахуалына қатысты өткір пікір білдірді. Оның айтуынша, ғылымды дамытуға бөлінетін қаржы жеткіліксіз, ал саланы басқару жүйесі тиімсіз ұйымдастырылған, деп хабарл

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Дубайдың деңгейіне көтереміз деді: Сарапшы Назарбаевтың ғылымға дұрыс бөлмегені туралы айтты

Экономист, сарапшы Жанкелді Шымшықов Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы ғылым саласының қазіргі ахуалына қатысты өткір пікір білдірді. Оның айтуынша, ғылымды дамытуға бөлінетін қаржы жеткіліксіз, ал саланы басқару жүйесі тиімсіз ұйымдастырылған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының сөзінше, дамыған елдерде ғылымға жалпы ішкі өнімнің 5–7 пайызына дейін қаржы бөлінсе, Қазақстанда бұл көрсеткіш небәрі 0,14 пайызды құрайды. Мұндай жағдайда ғылымның ілгерілеуі қиын екенін айтқан ол, бөлінген аз қаржының өзі тиімді игерілмей жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, ғылымды ғалымдар емес, шенеуніктер басқаруы – басты мәселелердің бірі.

Жанкелді Шымшықов кеңес дәуірінде Қазақстан ғылымы жоғары деңгейде болғанын еске салды. Ол кезеңде ел ғылыми әлеуеті бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын, бұл жүйенің қалыптасуына академик Қаныш Сәтбаев үлкен үлес қосқанын айтты. Ғылым академиясы өндірістік күштерді тиімді орналастырумен айналысып, ел экономикасының дамуына тікелей ықпал еткен.

Қазіргі таңда, сарапшының пікірінше, өндірістік және экономикалық шешімдер жүйесіз қабылданып жатыр. Бұған ғылым мен билік арасындағы байланыстың әлсіреуі себеп. Ол пікірталас пен бәсекелестіктің болмауы қоғам дамуын тежейтінін атап өтті. Себебі кез келген прогресс бәсекелестік пен түрлі көзқарастардың қақтығысы арқылы жүзеге асады.

Сонымен қатар, экономист отандық кәсіпкерлердің неге қазақстандық ғылыми жобаларға қызығушылық танытпайтынын да түсіндірді. Оның айтуынша, бұған ғылыми деректердің сенімсіздігі мен нақты статистиканың тапшылығы әсер етеді. Нәтижесінде бизнес өкілдері ғылыми зерттеулерге сенімсіздікпен қарайды.

Сарапшы билік ғылымды қолдамайынша, елдің дамуы да тежелетінін алға тартты. Оның пікірінше, тиімді мемлекет құру үшін ғылым мен билік арасында ашық диалог орнап, ғылыми негізделген шешімдер қабылдануы тиіс.

Ұқсас материалдар

Дубайдың деңгейіне көтереміз деді: Сарапшы Назарбаевтың ғылымға дұрыс бөлмегені туралы айтты · Todayinfo