«Жаңа әкімшілік 100 күнге де жетпей осыншама бүлдіріп үлгерді. Бұл — таңғаларлық жағдай», – деді ол.Байден Трамптың атын тікелей атамағанымен, оны «мына жігіт» деп атады. Ол сондай-ақ, кадрлық қысқартулар мен федералды қызметкерлердің жұмыстан босатылуына қатысты да алаңдаушылық білдірді. Экс-президенттің айтуынша, қазіргі әкімшілік басқаруында 7 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылған. Бұлардың арасында тәжірибелі кадрлар да бар. Байденнің айтуынша, билік алдағы уақытта тағы мыңдаған қызметкерді жұмыстан шығаруға дайындалып жатыр. Байден қазіргі әкімшілікті технологиялық стартаптармен салыстырып, олардың басқару стилін сынға алды. Илон Масктың есімін тікелей атамағанымен, «технологиялық стартап мәдениеті» деп сипаттаған топты сын садағына алды. «Олар ескі ұранмен жұмыс істеп отыр – “Тез қимылда, бәрін бұз”. Иә, олар шынымен бәрін бұзып жатыр. Бұл көптеген қажетсіз азап пен ұйқысыз түнге әкелуде», – деді ол. Сөз соңында Джо Байден елдегі саяси және әлеуметтік бөлінудің күшейіп кеткенін атап өтті. Ол АҚШ халқының 30 пайызына қатысты "жүрексіз" деген пікір айтты.
Джо Байден Ақ үйден кеткеннен кейін алғаш рет сөз сөйледі – Трамп әкімшілігін ашық сынға алды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Чикагода өткен конференцияда алғаш рет Ақ үйден кеткеннен кейін көпшілік алдына шығып сөз сөйледі. Ол бұл шарада «Үміт шамшырағы» сыйлығымен марапатталды. Іс-шара америкалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетілді,деп хабарлайды Todayinfo. Өз

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Чикагода өткен конференцияда алғаш рет Ақ үйден кеткеннен кейін көпшілік алдына шығып сөз сөйледі. Ол бұл шарада «Үміт шамшырағы» сыйлығымен марапатталды. Іс-шара америкалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетілді,деп хабарлайды Todayinfo.
Өз сөзінде Байден АҚШ-тың қазіргі басшылығы мен президент Дональд Трампты ашық сынады. Әсіресе, Әлеуметтік қамсыздандыру агенттігіне қатысты жаңа әкімшіліктің әрекеттерін "қысқа мерзімде келтірілген үлкен зиян" деп бағалады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·