Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Екі апта эфирде болмадық»: AIRAN Media YouTube арнасы ресми түрде жабылып, кемі 50 қызметкер жұмыссыз қалды

Танымал AIRAN Media YouTube арнасы ресми түрде жұмысын тоқтатты. Бұл туралы редакцияның өзі мәлімдеп, соңғы екі апта бойы эфирлер мен жаңа видеолардың жарияланбағанын хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz. Редакция өкілдерінің айтуынша, команда біраз уақыт бойы туындаған қиындықтард

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Екі апта эфирде болмадық»: AIRAN Media YouTube арнасы ресми түрде жабылып, кемі 50 қызметкер жұмыссыз қалды

Танымал AIRAN Media YouTube арнасы ресми түрде жұмысын тоқтатты. Бұл туралы редакцияның өзі мәлімдеп, соңғы екі апта бойы эфирлер мен жаңа видеолардың жарияланбағанын хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz.

Редакция өкілдерінің айтуынша, команда біраз уақыт бойы туындаған қиындықтарды еңсеруге тырысқан, алайда қазіргі жағдай олар үшін жұмысты жалғастыруға мүмкіндік бермеген.

«Прямой эфирлер мен видеоларды тоқтатқанымызға екі апта болды. Осы уақыт ішінде жағдайды реттеуге тырыстық, бірақ өкінішке қарай, нәтиже болмады. AIRAN MEDIA редакциясы өз жұмысын тоқтатады. Біз бұл жағдайдағы шарттарда ары қарай жұмыс істей алмаймыз», – делінген мәлімдемеде.

Редакция өз принциптеріне адал болғанын атап өтті. Олардың айтуынша, команда соңғы жылдары тәуелсіз ұстанымын сақтауға тырысқанымен, қазіргі жағдай бұл бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген.

Сонымен қатар, команда жобаны трагедия ретінде қабылдамауға шақырды. Олардың пікірінше, кез келген жоба басталып, кейін аяқталуы мүмкін.

«AIRAN – өте мықты жоба болды. Бізді қолдаған барлық көрермендерге алғыс айтамыз. Кейбіреулер алаңдаса, кейбірі қуанды. Бұл – қалыпты жағдай. Әркімнің өз пікірі болуы – сау қоғамның белгісі», – дейді редакция.

Соңында команда көрермендерге алғысын білдіріп, «AIRAN бәрібір өмір сүреді» деген сенім білдірді.

Ұқсас материалдар

«Екі апта эфирде болмадық»: AIRAN Media YouTube арнасы ресми түрде жабылып, кемі 50 қызметкер жұмыссыз қалды · Todayinfo