Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Екі аяғынан айырылған Алуа ұлттық оңалту орталығында емін бастады

2 маусым күні Астанада болған жол-көлік апаты салдарынан ауыр жарақат алған 8 жасар Алуа бүгінгі күні Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында емін бастады,деп хабарлайды  Todayinfo. Орталықтың директоры, ҚР Денсаулық сақтау экс-министрі Ажар Ғиният баланың жағдайы жайлы өзіні

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Екі аяғынан айырылған Алуа ұлттық оңалту орталығында емін бастады
2 маусым күні Астанада болған жол-көлік апаты салдарынан ауыр жарақат алған 8 жасар Алуа бүгінгі күні Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында емін бастады,деп хабарлайды Todayinfo. Орталықтың директоры, ҚР Денсаулық сақтау экс-министрі Ажар Ғиният баланың жағдайы жайлы өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.
«Бейнет аяқ астынан келеді. Жақында кішкентай Алуа туралы жазып, біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтуді ұсынғанымызды жеткізген едім. Кеше Алуа анасымен бірге орталығымызға оңалту емін алуға келіп түсті», – деді ол.
Ажар Ғинияттың айтуынша, Алуа – жарақат салдарынан тұйықталып қалған бала. Ол әсіресе медициналық киімдегі мамандарға сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан алғашқы күндері психологтар мен физиотерапевттер баламен жұмыс істей бастаған. «Жағдайына қарай біртіндеп дефектолог, ойын терапевттері, ЛФК нұсқаушылары және басқа да мамандар қосылады. Ем шипа болсын», – деді орталық басшысы. Еске салайық, 2 маусым күні Астанада жолаушылар автобусы Республика даңғылы бойында жол жиегіндегі бағанға соғылған. Апат салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде алтауы – бала.  

Ұқсас материалдар

Екі аяғынан айырылған Алуа ұлттық оңалту орталығында емін бастады · Todayinfo