Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Екібастұзда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі төрт күннен кейін табылды

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көліне батып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің мүрдесі төрт тәуліктен соң табылды. Құтқарушылардың мәліметінше, 2009 жылы туған баланың денесі 8 шілде күні таңертең оқиға орнынан 500 метр қашықтықта табылған. Жасөспі

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Екібастұзда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі төрт күннен кейін табылды

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көліне батып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің мүрдесі төрт тәуліктен соң табылды.

Құтқарушылардың мәліметінше, 2009 жылы туған баланың денесі 8 шілде күні таңертең оқиға орнынан 500 метр қашықтықта табылған. Жасөспірім шомылуға тыйым салынған аймақта суға түскен.

– Бала көлдің шомылуға арналмаған бөлігінде суға батып кеткен. Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан іздеу жұмыстарын тоқтатпай жүргізді, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Айта кетейік, баланы іздеу кезінде қатты жел мен көлдегі үлкен толқындар кедергі келтірген болатын.

Ұқсас материалдар

Екібастұзда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі төрт күннен кейін табылды · Todayinfo