Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жамбыл облысының экс—әкімі Көкірекбаев ұзақ жылға сотталды

Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында «ҚазСельқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы, Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаев, оның орынбасары Әділет Ахатаев және мердігер Андрей Поплавскийге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Жамбыл облысының экс—әкімі Көкірекбаев ұзақ жылға сотталды
Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында «ҚазСельқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы, Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаев, оның орынбасары Әділет Ахатаев және мердігер Андрей Поплавскийге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Сот материалдарына сәйкес, Көкірекбаев пен Ахатаев 800 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған, ал "Bazis Construction Infr" ЖШС-нің бас директоры Поплавский сол параны берген тұлға ретінде жауапқа тартылды. Үш айыпталушы да кінәлі деп танылды Іс алқабилердің қатысуымен қаралып, барлық үш айыпталушының кінәсі дәлелденді. Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды; Әділет Ахатаев пен Андрей Поплавский әрқайсысы 11 жылдан сотталды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.  

Ұқсас материалдар

Жамбыл облысының экс—әкімі Көкірекбаев ұзақ жылға сотталды · Todayinfo