Қазақстанда демографиялық теңгерім айтарлықтай өзгеріп жатыр: жалпы халық санының өсуіне қарамастан, балалар үлесі азайып, қарттар саны күрт артып келеді. Соңғы жылдары туу көрсеткіші айтарлықтай төмендеді, бұл қоғам құрылымын өзгертуде, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Energyprom.kz деректеріне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалар саны 2024 және 2025 жылдардың басында 5,9 миллион адамды құраса, 2026 жылдың басында 5,8 миллионға дейін төмендеген. Дегенмен, соңғы он жылда бұл көрсеткіш 21,5%-ға өскен. Ал 65 жастан асқан азаматтардың саны 2016 жылғы 1,2 миллионнан 2026 жылдың басында 2 миллионға жетіп, 59,6%-ға артқан.
Туу көрсеткіші де төмендеуде: 2025 жылы ол 1000 адамға шаққанда 16,4-ті құрады, бұл 2021 жылғы 23,5-тен айтарлықтай төмен. Төрт жыл ішінде көрсеткіш үштен бірге дерлік қысқарды. Ең төменгі туу көрсеткіші Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Тіпті Түркістан және Маңғыстау облыстары сияқты дәстүрлі «жас» аймақтарда да қарқын баяулауда.
Сарапшылардың пікірінше, халық санының өсуі құрылымдық өзгерістерді өтей алмайды: қарттар үлесі артып, жұмыс істейтін халыққа жүктеме өсіп, болашақ еңбек әлеуеті қысқаруда. Бұл үдерістер демографиялық ауысудың жалпыәлемдік тенденцияларына сәйкес келеді және еңбек нарығына, денсаулық сақтау жүйесіне және әлеуметтік салаға қысымды күшейтеді.




