Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Елордада жиһаз жасайтын цех өртенді

Елордадағы жиһаз жасайтын цехта ірі өрт болды. Жүзге жуық өрт сөндіруші 18 арнайы техникамен өртпен 2 сағатқа жуық арпалысты, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі. «23 қаңтарда, тиісті хабарлама түскен соң, сағат 21:20-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүк

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Елордада жиһаз жасайтын цех өртенді
Елордадағы жиһаз жасайтын цехта ірі өрт болды. Жүзге жуық өрт сөндіруші 18 арнайы техникамен өртпен 2 сағатқа жуық арпалысты, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі. «23 қаңтарда, тиісті хабарлама түскен соң, сағат 21:20-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайында болып жатқан өртті сөндіруге аттанды. Сағат 21:26-да жиһаз жасайтын өндірістік цехта 1200 ш.м. алаңда жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттері өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуын болдырмады. Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 22:40-та қызыл жалын оқшауланып, сағат 23:19-да жойылды», - делінген хабарламада. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы мен 18 бірлік техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Todayinfo.kz

Ұқсас материалдар

Елордада жиһаз жасайтын цех өртенді · Todayinfo