Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Енді қазақстандықтардың жеке куәлігінде жынысы мен азаматтығы жазылады

Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасында жазылған. Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азам

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Енді қазақстандықтардың жеке куәлігінде жынысы мен азаматтығы жазылады
Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасында жазылған. Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі.
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады", – делінген Ішкі істер министрлігінің жазбасында.
Жаңа жоба 21 мамырға дейін талқыланады.   

Ұқсас материалдар

Енді қазақстандықтардың жеке куәлігінде жынысы мен азаматтығы жазылады · Todayinfo