Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Ең арзаны 2,1 миллион теңге: футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді шошытты

Фото: aa.com.tr Англия жанкүйерлері Футбол қауымдастығына хат жолдап, билеттердің бағасына байланысты шара қолдануды талап етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 2026 жылы Мексика, Америка Құрама Штаттары және Канадада өтетін футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді таңғалдырды.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Ең арзаны 2,1 миллион теңге: футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді шошытты
Фото: aa.com.tr Англия жанкүйерлері Футбол қауымдастығына хат жолдап, билеттердің бағасына байланысты шара қолдануды талап етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 2026 жылы Мексика, Америка Құрама Штаттары және Канадада өтетін футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді таңғалдырды. Ең арзан билет ағылшын жанкүйерлеріне 3128 фунт стерлингке (шамамен 2,1 миллион теңге) түседі. 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымдысы болмақ. Бұрынғыдай 32 емес, 48 ұлттық құрама қатысады. Қазірдің өзінде 42 команда белгілі, ал қалған алты жолдама 2026 жылдың көктемінде еуропалық және құрлықаралық плей-офф арқылы анықталады. Турнир 11 маусымда Мексиканың Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында басталады. Ашылу ойынында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы кездеседі. Чемпион команда 2026 жылы 19 шілдеде Нью-Йорк маңындағы «Метлайф» стадионында өтетін финалда анықталады.

Ұқсас материалдар

Ең арзаны 2,1 миллион теңге: футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді шошытты · Todayinfo