43 жастағы жігіт әйелін қызғаныштан өртеп жіберді – "сүйіктісі" ауыр халде ауруханада жатыр
Ресейдің Новокузнецк қаласында демалыс күндері болған отбасылық жанжал адам өміріне қауіп төндірген ауыр оқиғаға айналды. 43 жастағы Сергей есімді ер адам азаматтық некедегі әйеліне от қойған. Бұл туралы SHOT басылымы хабарлады. Ер адамның айтуынша, әйелінің «мазасын алғаны» оны

Ресейдің Новокузнецк қаласында демалыс күндері болған отбасылық жанжал адам өміріне қауіп төндірген ауыр оқиғаға айналды. 43 жастағы Сергей есімді ер адам азаматтық некедегі әйеліне от қойған. Бұл туралы SHOT басылымы хабарлады.
Ер адамның айтуынша, әйелінің «мазасын алғаны» оны ашуландырған. Ашуға бой алдырған азамат әйелінің басына от тұтатқыш сұйықтықты құйып, от қойған. Нәтижесінде әйелдің шашы мен түнгі киімі жана бастаған.
Жәбірленуші өзін-өзі сөндіруге тырысқанымен, бет және қол аймағынан қатты күйік алған. Қазіргі таңда ол 20% дене күйігімен және тыныс жолдарының ауыр жарақатымен ауруханада ес-түссіз күйде жатыр. Жанжалға қызғаныш себеп болған.
Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу барысында оның бұған дейін өліммен қорқыту бойынша сотты болғаны белгілі болды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·