Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 13-14 мамыз күндері Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған. Күтілгендей, Ердоған Қазақстан басшылығымен кездесіп, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.
Президенттердің кездесуі барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылуы мүмкін. Бұл келіссөздер Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп күтілуде.




