"Қазақстаннан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады. Ол әуежайға бара жатыр", - деді Мәжілістің баспасөз қызметі.Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы әдеттегіден ерте – сағат 09:00-де басталды. Отырыс Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен басталды. Еске салайық, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси мен сол елдің сыртқы істер министрі және өзге де билік өкілдері мінген тікұшақ апатқа ұшырап, ондағы адамдардың бәрі қаза тапты. Ибрахим Раиси мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекарадағы жаңа су торабын іске қосу рәсімінен қайтып келе жатқанда опат болған. Тікұшақ Иранның солтүстік-батысындағы Әзербайжан мен Түркия шекарасына жақын таулы аймақта құлаған. Сол күні апат болған ауданда тұман қалың түскен. Раисимен бірге тікұшақта Иранның сыртқы істер министрі Хосейн Абдоллахиан, Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған.
Ерлан Қошанов Иран президентін жерлеу рәсіміне аттанды
Тікұшақ апатынан қайтыс болған Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. "Қазақстаннан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады. Ол әуежайға бара жатыр",

Тікұшақ апатынан қайтыс болған Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Ұқсас материалдар

Саясат
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·

Саясат
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды - Тоқаев
Айғаным Нариманова·

Саясат
Трамп халыққа шұғыл үндеу жасайтынын мәлімдеді
Айғаным Нариманова·

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне көңіл айту үшін Дохаға барды
Айғаным Нариманова·