Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Ерте ме, кеш пе ажалы келген адам өледі»: Шерзат Полат ісінде сотталушы Нұрымовты жауапқа тартуды сұрады

Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот отырысында басты сотталушылардың бірі Шыңғыс Белғожаев жарыссөз кезінде марқұмның ажалы туралы философиялық пікір айтып, өз ұстанымын жеткізді. Ол бұл қайғылы жағдайға өздерінің себепкер болғанын мойындап, жауапкершіліктен жалтар

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Ерте ме, кеш пе ажалы келген адам өледі»: Шерзат Полат ісінде сотталушы Нұрымовты жауапқа тартуды сұрады

Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот отырысында басты сотталушылардың бірі Шыңғыс Белғожаев жарыссөз кезінде марқұмның ажалы туралы философиялық пікір айтып, өз ұстанымын жеткізді. Ол бұл қайғылы жағдайға өздерінің себепкер болғанын мойындап, жауапкершіліктен жалтармайтынын білдірді,деп хабарлайды Todayinfo.

«Бұл өмірде ешкім мәңгі емес. Ажалы келген адам ерте, не кеш емес, тура уақытында өмірден өтеді. Қамшының сабындай мына қысқа өмірде барлығы қош айтысады. Осы қайғылы оқиғаға біз себепкер болып отырмыз», – деді ол.

Белғожаев жарыссөз кезінде айыпталушылардың бірі Қаржаубай Нұрымовты жауапқа тартуды сұрап, кейбір адамдардың бұл іске себепсіз тартылғанын атап өтті.

«Думан Ысқақ ортамызда себепсіз отыр. Дархан Әскентайды танымай кеттім. Ал Қаржаубай Нұрымовты жауапқа тартуды сұраймын», – деді ол.

Өтемақы туралы көзқарасы

Жәбірленуші тараптың 660 млн теңге мөлшерінде моральдық және материалдық өтемақы өндіру туралы талабы бойынша да Белғожаев пікір білдірді. Ол бұл соманы орынсыз деп бағалап, оны қанағаттандырмауды сұрады.

«Бұл ақшаны осы отырған 9 адам өмір бақи жұмыс істесек те, таба алмаймыз», – деді сотталушы.

Қылмыстық баптар мен сот-медициналық сараптама

Сот процесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру), 188-бабы (ұрлық), 293-бабы (бұзақылық), 434-бабы (қылмысты жасыру) бойынша қозғалған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, Шерзат Полат пышақ жарақатынан кейінгі қан жоғалтудан көз жұмған. Сарапшылардың айтуынша, егер оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе, аман қалуы мүмкін еді.

Ұқсас материалдар

«Ерте ме, кеш пе ажалы келген адам өледі»: Шерзат Полат ісінде сотталушы Нұрымовты жауапқа тартуды сұрады · Todayinfo