Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Ертіс орманының» басшысы қамауға алынды

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының пара алғаны анықталды, деп хабарлады Антикор. Сондай-ақ резерваттың 5 есепшісінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің банк картасының шоттарына, сондай-ақ мекеменің

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Ертіс орманының» басшысы қамауға алынды
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының пара алғаны анықталды, деп хабарлады Антикор. Сондай-ақ резерваттың 5 есепшісінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің банк картасының шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге жымқарған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша басқармасы резерват басшысының пара алғанын анықтаған. Ол кәсіпкерлерге орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған. Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды» , - деп жазылған хабарламада.
Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.
 

Ұқсас материалдар

«Ертіс орманының» басшысы қамауға алынды · Todayinfo