Емші Бағдагүл елден көмек сұрады. Көз жасын көл қылған емші, құдайға жалынып, адамдардың қатігездігіне күйініп, еңіреді, деп жазады Todayinfo.kz.

Ол ешкімге керексіз екенін айтып, тікелей эфирде ағыл-тегіл жылады.

«Адамдар неге қатыгез? Ұят емес пе, ешқандай бітпеген, дәлелденбеген. Құдай мені кешірсін, мен бұндай өмірде өмір сүрем деп ойламадым. Мен қайда барам, көмектесіңдерші достар, расымен де ешкімге керексіз екенмін. Олар қазақтың өміріне балта шабатын адамдар. Ұят емес пе?», — деп еңіреді емші.

Еске салайық, Бағдагүл емші атымен танылған әйел Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанға орынсыз тіл тигізіп, балағаттаған. Қос продюсер батыстық емшіні сотқа беріп, үстінен тексеру жүргізетіндерін айтқан еді.