Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Есікті құлыптап, нөмірін сұраған»: желіде жұрт такси жүргізушілерін тексеруді талап етті

Алматыда такси жүргізушісі жолаушы қызға қысым көрсетіп, көліктен шығармай қойған. Бұл туралы Todayinfo хабарлайды. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Жәбірленушінің құрбысының айтуынша, қыз үйіне қайту үшін таксиге отырған. Алайда жүргізуші оғаш қылықтар көрсетіп, орын

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Есікті құлыптап, нөмірін сұраған»: желіде жұрт такси жүргізушілерін тексеруді талап етті
Алматыда такси жүргізушісі жолаушы қызға қысым көрсетіп, көліктен шығармай қойған. Бұл туралы Todayinfo хабарлайды. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Жәбірленушінің құрбысының айтуынша, қыз үйіне қайту үшін таксиге отырған. Алайда жүргізуші оғаш қылықтар көрсетіп, орынсыз сұрақтар қойып, әдепсіз әрекетке барған. Кейін көліктің есіктерін іштен құлыптап, қыздан телефон нөмірін талап еткен. Қорыққан жолаушы нөмірін айтуға мәжбүр болған. Тек содан кейін ғана жүргізуші оны түсіріп жіберген.
«Қазір ол қайта-қайта хабарласып жатыр. Қыз одан қорқып отыр, тіпті үйіне келіп, аңдуы мүмкін деп қауіптенеді. Біз бұл адамның жауапкершілікке тартылуын, оған айыппұл салынып, лицензиясынан айырылуын немесе қылмыстық жауапқа тартылуын талап етеміз», – делінген Kris_p_almaty Telegram арнасында жарияланған жазбада.
Желі қолданушылары такси қызметтерінен мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерді мұқият тексеруді, қауіпсіздік шараларын күшейтуді және шағымдарға жедел жауап беруді талап етуде. Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы мен тараптардың жеке тұлғалары анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Ұқсас материалдар