Рейтингке байлардың жалпы байлығы былтырғы жылмен салыстырғанда – 8,2 млрд долларға өсіп, 46,63 млрд долларға жетті. Орташа есеппен – былтырғы 769 млн доллармен салыстырғанда 622 млн долларға дейін төмендеді. Әйелдер Рейтингте бес әйел бар. Олар: Динара Құлыбаева, Дариға Назарбаева, Раушан Сағдиева, Айжан Есімова мен Гаухар Қаппарова. Айжан Есімова Рейтингте ол 44-ші тұр. Оның дәулетінің едәуір бөлігін 2021 жылы Kazphosphate Limited британдық компаниясы арқылы Ғалымжан Есеновпен (рейтингте 15-ші түрған) бірге акционер болған "Қазфосфат" ЖШС сатудан түскен үлесі құрайды. Сондай-ақ, оның "Sport Center" ЖШС (krida фитнес-клубы) және Петропавл нан-тоқаш комбинатында үлесі бар. Байлығы 207 миллион долларға бағаланады. Айта кетейік, Айжан Есімова Forbes рейтингінің 15-ші қатарында тұрған кәсіпкер Ғалымжан Есеновтің әйелі. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланды. Кәсіпкер "First Heartland Securities" АҚ-тың 99,74% иеленеді. Ол арқылы "First Heartland Jusan Bank" АҚ-тың 79,63% бақылайды. Ал банктің тағы 20,11% оған тікелей тиесілі. Сондай-ақ, Jusan Bank арқылы " Қазақтелекомның 9,19% және Кселлдің 9,08% (тағы 14,87% - жеке) үлесін иеленеді. Айжан Есімова экс-шенеунік Ахметжан Есімовтің қызы. Есімов 2017-2021 жылдары "Самұрық-Қазына" қорының басқарма басшысы болып еңбек еткен. Содан кейін Қазақстанның бұрынғы президентінің штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Дереккөз: ulysmedia.kz– Тізімді кеңейту қажеттігін зерттеу тобы мен серіктестерінің бірнеше айлық жұмысы растады: қазақстандық ірі бизнес соңғы екі жылда айтарлықтай қарқын алды, - делінген басылымда.
Есімовтің қызы Қазақстандағы ең бай адамдардың қатарына қосылды
Коллаж: ulysmedia.kz. Forbes мәліметі Forbes Kazakhstan журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Автордың айтуынша, биыл рейтинг бірден екі есе өскен. 12 жыл бойы дәстүрлі түрде ең дәулетті 50 бай-манаптың орнына, енді 75-і аталатын болды, деп

Коллаж: ulysmedia.kz.
Forbes мәліметі
Forbes Kazakhstan журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Автордың айтуынша, биыл рейтинг бірден екі есе өскен. 12 жыл бойы дәстүрлі түрде ең дәулетті 50 бай-манаптың орнына, енді 75-і аталатын болды, деп хабарлады Ulysmedia агенттігі.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·