«Есірткі беріп, зорлаған». Павлодарда футбол клубының бапкері сотталды
Фото: inbusiness.kz Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Күдікті «кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуа

Фото: inbusiness.kz
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Күдікті «кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуалдық әрекеттер жасау» және «кәмелетке толмаған адамға күш қолдану арқылы есірткі қолдануға мәжбүрлеу» баптары бойынша айыпталды.
Сот отырысы жабық өтті. Ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болады.
Соттың мәліметінше, зорлық-зомбылық құрбаны 11 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Қылмыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған.
«Сотталушы К алдау арқылы 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қонақүйге әкеліп, оны қонақүй әкімшісіне өзінің қарындасы ретінде таныстырып, бір бөлмеге орналасып, одан кейін сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Барлық дәлелдер бар. Олардың баламен бірге кіріп, кейін шығып бара жатқаны түсірілген видеолар бар. Сондықтан сотта бұл қылмысты күдіктінің жасағанына еш күмән болған жоқ», – деді судья.
Ақпарат көзі: "Адырна" ұлттық порталы.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Акмолинской области ликвидировали группу по незаконной продаже вейпов на 221 млн тенге
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тұтынушыға орысша жауап беру қиын ба?: белгілі мәдениеттанушы, ғалым Мұртаза Бұлұтай тіл дауына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Что будет с рынком жилья Алматы, если вузы начнут переезжать в Алатау?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«35 градус қатты ыстық»: Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Айдар Керім·