Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Ирандағы соғысты дипломатиялық жолмен тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ол қақтығыстың әсері ұзақ жылдарға созылуы мүмкін екенін ескертіп, халықаралық қауымдастықты бейбіт келіссөздерге көшуге үндеді.
«Біз дипломатияға сенуіміз керек. Бұл соғыстың зардабын бүкіл әлем сезінеді», — деді фон дер Ляйен.
Еуропалық комиссия басшысының бұл мәлімдемесі Ирандағы әскери операциялардың күшейген тұсында жасалды. Сарапшылардың пікірінше, Еуропа Одағы аймақтағы тұрақсыздықтың алдын алу үшін делдалдық рөлін күшейтуі мүмкін.




