Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Еуропада әлдеқайда арзан»: Германия тұратын қазақ қызы елдегі азық-түлік бағасына таңданысын жасырмады

Фото: kazakh inform Германияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық блогер @simaa_k желіде азық-түлік бағасын салыстырған видеосын жариялап, көпшілікті таңғалдырды. Оның айтуынша, Қазақстандағы кейбір өнімдер Германиядан екі есеге дейін қымбат, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпара

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
«Еуропада әлдеқайда арзан»: Германия тұратын қазақ қызы елдегі азық-түлік бағасына таңданысын жасырмады

Фото: kazakh inform

Германияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық блогер @simaa_k желіде азық-түлік бағасын салыстырған видеосын жариялап, көпшілікті таңғалдырды. Оның айтуынша, Қазақстандағы кейбір өнімдер Германиядан екі есеге дейін қымбат, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанда жүргенде байқамайсың, бірақ Германиядағы бағамен салыстырғанда шок болдым», – дейді ол. Блогер барлық өнімдерді граммға дейін өлшеп, ал Қазақстандағы бағаларды онлайн дүкендер арқылы нақтылаған.

Авокадодан басталған айырмашылық бірден көзге түскен:

  • Германияда 500 грамм — 2,19 еуро,

  • Қазақстанда — 6,10 еуро.
    «Сондықтан бала күнімде авокадо жемеген екенмін» деп қалжыңдады ол.

Сүт (3,5%) бағасы да қатты ерекшеленеді:

  • Германияда — 1 еуро,

  • Қазақстанда — 1,44 еуро.

Осылайша черри қызанақ, «светофор» бұрышы, крем-ірімшік, рибай стейк, нан, жұмыртқа, тәтті тоқаштар, шампиньон, тіпті қарапайым сарымсаққа дейін Германияда арзан болып шыққан.

Блогер әсіресе 33%-дық қаймақтың бағасына тоқталды:

  • Германияда — 0,99 еуро,

  • Қазақстанда — 2,5 еуро.

  • «Тәтті пісіретіндер үшін бұл – нағыз қасірет», – дейді ол.

Сонымен бірге лимон мен рукколаның бағасы екі елде де шамалас екен.

Бойжеткен таңдаған азық-түлік себеті Германияда 36 еуро, ал Қазақстанда 46 еуро болып шыққан.

Блогердің бұл видеосы желіде үлкен талқылау тудырып, қазақстандықтардың наразылыққа толы пікірлерін жинап жатыр.

Ұқсас материалдар

«Еуропада әлдеқайда арзан»: Германия тұратын қазақ қызы елдегі азық-түлік бағасына таңданысын жасырмады · Todayinfo