Астанадан Шымкентке ұшатын FlyArystan әуе компаниясының рейсі ұшақтың құстармен соқтығысуына байланысты кешіктірілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
"23 мамырдағы Астана – Шымкент бағытындағы FS 7309 рейсі әуе кемесінің құстармен соқтығысуына байланысты кешіктірілді. Зақымдану деңгейі бағаланды. Рейсті орындау үшін басқа әуе кемесі ұсынылды. Жолаушылар сумен және тамақпен қамтамасыз етілді", — делінген хабарламада.
FS7309 рейсінің Астанадан Шымкентке кесте бойынша ұшуы 23 мамыр күні сағат 19:40-қа жоспарланған болатын, ал нақты ұшу уақыты 24 мамыр күні 00:09-да болды.
Баспасөз қызметі жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігі FlyArystan әуе компаниясының басты басымдығы болып қала беретінін атап өтті.




