Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

28 сәуірге арналған ауа райы болжамы: аяз бен жаңбыр күтіледі

Қазгидрометтің болжамынша, сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
28 сәуірге арналған ауа райы болжамы: аяз бен жаңбыр күтіледі
📷 Дереккөз: orda.kz

Қазгидрометтің болжамынша, сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта ауа температурасы –3°C-қа дейін төмендеп, аяз күтіледі. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі болжанады. Барлық өңірлерде дауылды ескерту жарияланды.

Астанада айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, топырақ бетінде аяз, түнде 0...+2°C, күндіз +18...+20°C. Алматыда бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде +11...+13°C, күндіз +20...+22°C. Шымкентте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C.

Ұқсас материалдар

28 сәуірге арналған ауа райы болжамы: аяз бен жаңбыр күтіледі · Todayinfo