Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Германия канцлері сайлауда жеңілді

Германияның канцлері Олаф Шольц сайлауда жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды Todayinfo Euronews-ке сілтеме жасап. Экзитпол нәтижесі бойынша Германияның Христиандық-демократиялық одағы/Баварияның Христиандық-әлеуметтік одағы блогы жеңіске жетті. Ультраоңшыл «Германия альтернатива

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Германия канцлері сайлауда жеңілді
Германияның канцлері Олаф Шольц сайлауда жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды Todayinfo Euronews-ке сілтеме жасап. Экзитпол нәтижесі бойынша Германияның Христиандық-демократиялық одағы/Баварияның Христиандық-әлеуметтік одағы блогы жеңіске жетті. Ультраоңшыл «Германия альтернативасы» екінші орында, олар өз тарихында ең жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. Олаф Шольц жетекшілік ететін Германияның социал-демократиялық партиясы үшінші орында, алайда олар өте төмен нәтижеге қол жеткізді.
«Бұл – Социал-демократиялық партия үшін сайлаудағы ащы жеңіліс. Бұл жолы сайлау нәтижесі нашар болды, сондықтан мен ол үшін жауапкершілік арқалаймын. Христиан-демократиялық одағын құттықтаймын», - деді Олаф Шольц.
Енді ХДО/ХСО коалицию жасақтауы тиіс, елдің канцлері Фридрих Мерц болуы ықтимал. Еске салайық, жексенбі күні Германияда кезектен тыс парламенттік сайлау өткен болатын. Оған барлығы 29 саяси партия қатысты. Фото: bundesfinanzministerium.de

Ұқсас материалдар