Ғалым Қансейіт Әбдезұлы: «Еліміздің дамуын ілгерілететін жолды таңдау керек»
Қазақстандық ғалым, сыншы, әдебиеттанушы Қансейіт Әбдезұлы Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді. Ғалым Алматының Бостандық ауданында орналасқан М. В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясында орналасқан №291 учаскеге келіп, д

Қазақстандық ғалым, сыншы, әдебиеттанушы Қансейіт Әбдезұлы Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді.
Ғалым Алматының Бостандық ауданында орналасқан М. В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясында орналасқан №291 учаскеге келіп, дауыс берді.
«Мемлекет басшысының бастамасымен бүгін Қазақстанда маңызды шара – АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Көптеген қазақстандық референдумға қатысып жатыр, мен де өз таңдауымды жасадым. Бұл шешімді жеке сенімім мен жинаған ақпаратқа сүйеніп қабылдадым. Еліміздің дамуын ілгерілететін, жақсырақ болатын жолды таңдау керек деп санаймын», – деді Қансейіт Әбдезұлы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 учаскеде дауыс берді. Алматылықтар өз учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Жанабыловтардың ұтыс ойынына тігілген автокөліктер Астанада сатылымға шығады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Более 3,6 млн просмотров: казахстанцы все чаще обращаются к цифровым библиотекам
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді
Жаннұр Еділбаева·